Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаймын!
Отанымыздың игілігі үшін қызмет атқарған және қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймыз. Еңбек, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл азаматтар – адал қорғаушылар және мемлекетіміздің сенімді тіректері.
Барлық отан қорғаушыларына зор денсаулық, ашық аспан тілеймін, жауынгерлік рух өшпесін, қайрат-жігерге толы болсын!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов