Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты павлодарлықтар!
Сіздерді ең басты мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өз Отанын қорғау жолында күш-жігерін аямай төккен, ынтымағы жарасқан батыр тұлғалардың жеңісі.
Бұл мереке әр жанұя үшін ерекше. Біз ата-бабаларымызды жадымызда ұстап, олардың өшпес ерліктерін шексіз мақтан етеміз.
Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, алдарыңызда бас иіп, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Сіздер ұрпақтар үшін ерлік пен патриотизмнің нағыз үлгісі болып қала бересіздер!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры
Оспанбек Әлсейітов