ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
05.05.2021
528 просмотров
ПМХЗ тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ, жас мамандар, сондай-ақ «Nur Otan» және «Jas Otan» зауыттық партиялық ұяшықтарының мүшелері зауытта жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне сыйлықтармен барды.

22 адам зауыт басшылығы мен ұжымы атынан жылы лебіздер білдірілген ашықхаттар, азық-түлік жиынтықтары мен материалдық көмек алды, ең бастығы осындай маңызды жеңіске үлкен үлес қосқан адамдар қажет ететін қамқорлық пен ілтипат жасалды.

Зауыт жұмыскерлері барлығына бейбітшілік өмір үшін алғыстарын білдіріп, әрбір тыл еңбеккеріне мықты денсаулық және ұзақ өмір тіледі.   


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться