2021 жылғы 20 мамыр күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ делегациясы Павлодар мұнайхимия зауытына жұмыс сапарымен келді. Қонақтар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов кеңес барысында павлодарлық мамандардың баяндамасын тыңдап, зауыт аумағында ағаш отырғызды.
Сапар аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ делегациясы жаңа орталық инженерлік корпусқа барып, оқу орталығында компьютерлік жаттықтыру жүйесімен танысты. Кездесудің негізгі сәті, бұл 2021 жылғы І тоқсанның қызмет қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңестің өткізілуі. ПМХЗ мамандары зауыт қызметінің барлық бағыттары бойынша атқарылған жұмысы жайлы есеп берді, сонымен қатар кездесудің қатысушылары биылғы жылы шешілуге тиісті ПМХЗ міндеттерін белгіледі.
Кездесудің соңында Данияр Тиесов әріптестерімен бірге ПМХЗ жаңа инженерлік орталығының алдында қарағай көшетін отырғызды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі