Павлодар мұнайхимия зауытының Жастар кеңесінің мүшелері және ПМХЗ «Jas Otan» жастар қанаты аймақтарды санитарлық тазалау бойынша айлық шеңберінде өткізілген «Бірге – таза Қазақстан» республикалық науқанға белсене қатысты.
24 сәуірде сенбілік таңғы уақытта зауыт қызметкерлері «Таза табиғат» ұлттық жобасы шеңберінде қала тазалығына өз үлестерін қосу үшін Павлодар облысы бойынша экология департаменті сенім тапсырған Зеленстрой шағын ауданының артындағы жасыл аймақта жиналды. Мұнайшылардың бірлескен жұмыстары арқасында учаскеде шашылып жатқан қоқыс түгелдей жиналды.
ПМХЗ мамандары аймақтағы экология жағдайы үшін Павлодар тұрғындарының өздеріне жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын өте жақсы түсініп, барлық адамдарды қала көшелерінде қоқыс тастамауға және өлкеміздің табиғатына ұқыпты болуға шақырады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі