ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
03.06.2021
754 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері зауыт аумағын көгалдандырады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жарияланған экология жылы шеңберінде ПМХЗ-да зауыт аумағын көгалдандыру іс-шаралары жалғасын табуда.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің жұмыскерлері бірінші болып ағаштар отырғызу науқанын бастап кетті. Ұжымның бірлескен жұмысының арқасында бірінші өндірістің әкімшілік-тұрмыстық корпусы ғимаратының артындағы учаскеде қайыңдар мен серігүлдер отырғызды. 

                            

Өндіріс жұмыскерлері көшеттерді үнемі суаруды ұйымдастырады, ал көшеттер арасындағы бос жерлерге көгал шөптерін себеді.

Бірінші өндірістің бастамасын басқа да құрылымдық бөлімшелер қолдайды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться