ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
21.06.2021
556 просмотров
ПМХЗ облысты көгалдандыруға өз үлесін қосуды жалғастыруда

2021 жылғы 22 мамыр күні сенбіде зауыттың жұмыскерлері басшылықтың бастауымен кәсіпорынның санитарлық аймағында 80 көшет отырғызды.

Павлодар мұнай өңдеушілері облысымыздың жасыл қорын ұлғайтуға белсене қатысып, өз үлесін қосуды жалғастыруда. Бұндай іс-шаралар экология саласына пайда әкелуді ғана көздемей, сонымен қатар бейресми жағдайда қарым-қатынас құруға да ықпал етеді.

Көшеттерді отырғызғаннан кейін Бас директор Оспанбек Әлсейітов жұмыскерлермен ПМХЗ әлеуметтік саясаты туралы әңгімелесті. Ол әңгіме барысында басшылық жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашық екенін ерекше атап өтті. Кәсіпорынның басшысы зауыт ұйымдастырып отырған, соның ішінде аумақты көгалдандыру бойынша іс-шараны қолдап, қатысып отырған жұмыскерлердің барлығына алғыс білдірді.

   Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться