25 мамырда ПМХЗ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай сәуірде жарияланған Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша өткен айлықтың қорытындысын жасады және үздік мамандарды марапаттады.
Бұл мереке біздің елде 2005 жылы 28 сәуірден бастап аталып өтеді. Оның басты мақсаты – жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің, қоғамның назарын еңбек қауіпсіздігі проблемасына аудару. Адамдар – ең құнды ресурс, сондықтан қызметкерлерге қамқорлық жасау және адам өмірін сақтау - Павлодар мұнайхимия зауытының бірінші кезектегі міндеті.
ПМХЗ еңбекті қорғау бөлімі айлық шеңберінде «АМАН» біріктірілген еңбекті қорғау жүйесі» туралы Ережеге сәйкес конкурс жариялады. Қызметкерлер келесі номинациялар бойынша үздік деп танылды:
· Қондырғының/учаскенің, зертхананың үздік бастығы:
1-орын Нұрлан Байдарханов – изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы.
2-орын Роман Колмыков – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі газ компрессорлық жайының бастығы және Денис Никитин – мұнайды терең өңдеу өндірісі компрессорлық станциясының бастығы.
3-орын Асқар Жаменкенов – күкірт өндіру қондырғысының бастығы.
· Үздік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер:
1-орын Светлана Шатрова.
2-орын Сергей Солодов.
3-орын Виталий Желнин.
· Үздік өндіріс/цех бастығы:
1-орын Георгий Гаглоев – мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің бастығы.
2-орын Юрий Мигуля – ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің бастығы.
3-орын Марат Байтенов – орталық зауыт зертханасының бастығы.
· Үздік өндіріс:
1-орын Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі.
2-орын Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі.
3-орын Орталық зауыт зертханасы.
Бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – бас инженер Саятай Әліпбаев жеңімпаздарға наградалар табыстады және қызметкерлерге өте жақсы жұмысы және өндірістегі барлық қажетті қағидаларды сақтағаны үшін алғыс айтты.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі