Балаларды қорғау күні павлодарлық мұнайшылар «Жасыл ел – Зеленая страна» балалардың сурет салу конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. ПМХЗ-да шығармашылық жарысты кәсіпорынның «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының қолдауымен Қоршаған ортаны қорғау бөлімі “Нефтепереработчик” жергілікті кәсіподақ» ҚБ-мен бірігіп ұйымдастырды.
ПМХЗ балаларға тамаша мереке ұйымдастырды. Балалар ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорынға келді. Қызығушылық танытып, зауыттың музейіне барып қайтты, экскурсия балаларға өте ұнады.
Жүлдегерлер ПМХЗ БПҰ төрағасының орынбасары Сергей Шипиловпен және жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Татьяна Васькинамен ынта қоя әңгімелесіп, конкурсқа қатысу үшін өз суреттерін қалай салғаны туралы айтып берді.
Кәсіпорынның бас директоры Оспанбек Әлсейітов жас суретшілерді Балаларды қорғау күнімен құттықтап, барлық балаларға қатысқандары үшін алғысын айтты, оларға лайықты наградаларды табыстады. Жылы достық шырайлы жүздесу барасында ол қатысушылармен әңгімелесіп, алдағы уақытта ПМХЗ ұжымы балаларды өз қатарына қабылдауға қуана келісетінін атап өтті.
Марапаттаудан кейін зауыттың орталық асханасында балаларға тағы бір тамаша, ең бастысы, тәтті тосын сый – шай мен тәттілер күтіп тұрды.
Біздің жеңімпаздар:
5-10 жасқа дейінгі санатта:
Касаев Әмір
Минеева Ксения
Бекбай Әлішер
11-15 жасқа дейінгі санатта:
Скиба София
Вильгельм Альберт
Гнускина Екатерина
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі