ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
28.06.2021
468 просмотров
ПМХЗ мамандары әріптестеріне көмектесті

Павлодар мұнайхимия зауытының мамандары әрдайым өздерінің жоғары біліктіліктерін дәлелдеп келеді. Олар – өз істерінің нағыз кәсіпқойлары: тек өздерінің кәсіпорында жұмысты шеберлікпен атқара қоймай, сонымен қатар өз әріптестеріне көмектесуге әркез дайын.

Осылайша, ПМХЗ-дан екі маман Атырау қаласында каталитикалық крекинг қондырғысының іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге көмектесті. АМӨЗ ПМХЗ-дан түскен уақытылы қолдауды жоғары бағалап, павлодарлық мұнай өңдеушілердің біліктілігін атап өтті.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС каталитикалық крекинг қондырғысының іске қосу операцияларын жүргізген кезде танытқан кәсіпқойлық сауаттылығы мен жоғары біліктілігі үшін Евгений Руменко және Диас Қайдағұлов «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің Алғыс хатымен марапатталды. Кәсіпорынның басшылығы жұмыскерлерге жұмыстарына табыс және үй-ішіне амандық тілейді.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

 

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться