Астана күні қарсаңында Павлодар мұнайхимия зауытында еңбек өтілі 30 жылдан асатын зейнеткерлікке шыққан зауыттың қызметкерлеріне көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медальдері табысталды.
2019 жылдан бастап «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар қаласындағы филиалын басқарып отырған ПМХЗ бас директоры Оспанбек Әлсейітов салтанатты атмосферада наградаларды өз иелеріне табыстады. Ол еңбегі сіңген, зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлерге құрмет атағын беріп құттықтады. Зауыттың басшысы әр қызметкерге кәсіпорында атқарған жұмыстары үшін алғысын айтып, бұл күні марапатталған барлық адамдардың есімдері Павлодар мұнайхимия зауыты тарихының шежіресіне мәңгілікке енгізілгенін атап өтті.
«Еңбек ардагері» құрмет атағына ие болғандар:
· Сергей Иванович Исаков. Еңбек өтілі - 40 жыл.
· Людмила Михайловна Колесник. Еңбек өтілі - 34 жыл.
· Зәмзәгүл Мұхтарқызы Нұрсейітова. Еңбек өтілі - 37 жыл.
· Вячеслав Петрович Будник. Еңбек өтілі - 41 жыл.
· Батырбек Рыскелдіұлы Иманғазин. Еңбек өтілі - 41 жыл.
Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі