Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Құрбан айт – мейірбандық пен игіліктің, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осы қасиетті мереке күні жандарыңыз қуаныш пен нұрға толы болсын.
Бойыңыздағы үлкендерге деген құрметті, туған-туысқандарыңызға деген сүйіспеншілікті сақтай біліңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеуді тілеймін!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры
Оспанбек Әлсейітов