ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
23.07.2021
464 просмотров
 «Үздік маман»: ПМХЗ-да үздік мамандарды таңдайды

2021 жылы 28 маусымда кәсіпорында жыл сайынғы «Үздік маман» конкурсы басталды. Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері өз кәсібінің үздігі атағы үшін сайысқа түсті.

 Сайысқа бес мамандық өкілдері қатысады: технологиялық қондырғылар операторлары, тауар операторлары, технологиялық сорғылар машинистері, компрессорлық қондырғылар машинистері, сондай-ақ химиялық талдау зертханашылары.

Конкурс бағдарламасына компьютерлік тестілеу нысанында кәсіби білімін тексеру және жұмыстың тәжірибелік дағдыларын көрсету кіреді. Кәсіби тестілеу сұрақтарының кемінде 60%-на дұрыс жауап берген қатысушыларға тәжірибелік тапсырмаларды орындауға рұқсат етіледі.

Әрбір мамандық өкілі екі топқа бөлінді: бірінші топқа жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан асатын қатысушылар, екінші топқа – жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем, жасы 30-ға дейінгі қатысушылар жатқызылды.

Әрбір мамандық үшін жеке конкурстық комиссия құрылды, ол «Үздік маман-2021» атағы кімге бұйыратынын анықтайды.

  «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться