ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
30.07.2021
507 просмотров
ПМХЗ биіктікте қауіпсіз жұмыс істеудің жаңа жүйелерін игереді

Павлодар МХЗ өз қызметкерлері үшін анағұрлым қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Биыл кәсіпорын биіктіктегі жұмыстарды орындау үшін өзінің сипаттамалары бойынша бұрынғы жабдықтардан жоғары жаңа жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр.

2020 жылы «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 019/2011 кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес биіктікте жұмыс істеу кезінде қолданылатын иықбаусыз қауіпсіздік белбеуін қолдануға тыйым салынды. Сол уақыттан бері кәсіпорындар қауіпсіз заманауи бес нүктелі сақтандыру жүйелеріне көшуде.

 ПМХЗ жұмыскерлері үшін жаңа сақтандыру жүйелерін қолдану бойынша оқуды «Линия Одежды» ЖШС мамандары өткізді. Бұл серіктестіктің өкілдері сақтандыру жүйелерін өндіруші «Honeywell» компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады. Спикерлер жаңа жеке қорғаныс құралдарының жұмыс механизмін, олардың ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерін егжей-тегжейлі түсіндіріп көрсетті.

Зауыт жұмысшылары заманауи жабдықтарға үлкен қызығушылық танытты, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды спикерлерге қойды, тіпті оны өздері сынап көрді.

ПМХЗ-ға тоқтатып жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биіктікте жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін жаңа сақтандыру жүйелерінің алғашқы үлгілерін жеткізу жоспарланып отыр, сондықтан зауыт жұмысшылары үшін осындай оқулар өте орынды болды. 

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі


Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться