ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
27.09.2021
501 просмотров
ПМХЗ және «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС карбонсыздандыруға бағыт алды

ПМХЗ және «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС көміртек шығарындыларын (тікелей және жанама) қысқарту бойынша өзара жоспарлары туралы меморандумға қол қойды. Құжат серіктестердің парник газдарының шығарындыларын қысқартуға ниеттерін растайды.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС – ҚМГ (25%) мен Air Liquide (75%) компанияларының бірлескен кәсіпорны, өнеркәсіптерге, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғауға арналған газды өндіретін француз компаниясы. 2018 жылдан бастап Павлодар мұнайхимия зауытының сутекпен және бумен жабдықтау қондырғыларын басқару жобасын іске асырып келеді.

Меморандумда тараптар Павлодар МХЗ өз қызметі шеңберінде төмен көміртекті шешімдерді енгізудің техникалық және коммерциялық аспектілерін бағалау жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша ынтымақ құруға ниет білдіреді.  

Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары: ПМХЗ қажеттіктері үшін ЭЛМТГ «көгілдір сутек» өндіру: сутек өндіру үшін сутекті және/немесе электролизерді өндіру және тазарту қондырғыларында СО2 тұту; ПМХЗ қондырғыларының (FCC қондырғысы, жағуларды азайту және т.б.) экологиялық әсерін жеңілдету; ЭЛМТГ тиесілі ВРУ және УПОВ, және де мүмкін, ПМХЗ тиесілі қондырғылар үшін Павлодар қ. жаңартылатын көздерінен энергияны сатып алу.

2021 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі және ҚМГ компаниясының өз қызметін карбонсыздандыру жөніндегі шешімі негізінде меморандумға қол қойылды.

Экономиканы карбонсыздандыру СО2 шығарындыларын ЖІӨ (тонна/АҚШ долл/адам) бірлігіне төмендетуді және энергетикалық жүйенің экономикасын карбонсыздандыру - СО2 шығарындыларын өндірілетін энергияның бірлігіне (кг/баррель) төмендетуді білдіреді.   

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться