ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
27.09.2021
462 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері таза қаланы қолдайды 2021 жылғы 25 қыркүйектен 25 қазанға дейін «Павлодар қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша айлық» жарияланды. ПМХЗ және сервистік компаниялардың қызметкерлері 25 қыркүйекте оған қатысты.

ПМХЗ және аутсорсинг компанияларының мамандары бірігіп, Солтүстік өнеркәсіптік аймағының бірнеше учаскесін қоқыстан тазалады: №1 автожолының учаскесі (көпірден «Каустик» АҚ-ға дейін) және №20 автожолының бойындағы учаске (кәсіпорынның солтүстік жағындағы санитарлық-қорғау аймағы).

Тазалауды жүргізу кезінде зауыт жұмысшыларын: «Тотал Сервис» ЖШС, «SANTRADE компания» ЖШС, «ПродМастер ПВ» ЖШС, «Медикер-ПМ» ЖШС, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС, “Самұрық-Қазына” корпоративтік университеті» ЖК HR ЖҚО өңірлік орталығы, «Өрт сөндіруші» АҚ, «ЭОН энерго» АҚ, «URPAQ VIP» ҚА ЖШС, «МегаСтройПлюс» ЖШС, «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС, «iQS-Engineering» ЖШС серіктес компанияларының жұмысшылары қолдады.

Сеніп тапсырылған аумақты абаттандыруға барлығы 200 адам қатысты.

ПМХЗ жиналған қалдықтарды тұрмыстық қалдықтар полигонына (қалалық қоқыс) шығаруды қамтамасыз етті.

Тазалыққа қатысушылар барлық қала тұрғындарын шет қалмауға және қаламыздың тазалығына қамқорлық жасауға шақырады.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться