ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
04.10.2021
510 просмотров
Қарттар күні: ПМХЗ өндіріс ардагерлерін құттықтады

Павлодар мұнайхимия зауыты өндіріс ардагерлерін 1 қазан күні атап өтілетін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Жыл сайын осы күні ПМХЗ ардагерлеріне өткізілетін құттықтау мерекесі – кәсіпорынның басты дәстүрлерінің бірі болып табылады. Зауыттың әлеуметтік саясаты өндірістің дамуына орасан үлес қосқан жұмыскерлердің аға буынына құрмет пен қамқорлық жасауға бағытталған. 

Мереке қарсаңында «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподағының және «Нұр Отан» партиясының кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының өкілдері 748 адамнан тұратын ПМХЗ ардагерлер кеңесінің мүшелеріне материалдық көмек пен Covid-19 қарсы жеке қорғаныс құралдарын табыстады. Ал денсаулығына байланысты өз бетінше қозғала алмайтындар үшін азық-түлік шай жинақтарын дайындап, үйлеріне жеткізді.

Бас директордың және барлық қызметкерлердің атынан зейнеткерлерге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілей отырып, жылы лебіздерін білдірді.   

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться