ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
22.03.2022
585 просмотров
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті әріптестер, ардагерлер, сервистік компаниялардың қызметкерлері, біздің зауыттың серіктестері!

Сіздерді көктемнің жаңа жылы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жаңару, бейбітшілік пен жасампаздық мерекесі. Ол біздің ата-бабаларымыздың дәстүрімен тығыз байланысты және әрбір қазақстандық үшін өте қымбат.

Наурыз адамгершілік, достық пен төзімділікті бейнелейді. Әр түрлі ұлт өкілдері оны игі, жарқын және ең бастысы, біздің ортақ мерекеміз деп атап өтеді. Бұл кезде табиғат оянып, адамдар барлық реніштерді кешіруге, бар жамандықты ұмытып, мейірімді жүрекпен және таза ойлармен жаңа жылға кіруге тырысады.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймін! Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бейбітшілік пен тыныштық әкелсін!


"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС бас директорының міндетін атқарушы 

Саятай Әліпбаев

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться