ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
06.04.2022
482 просмотров
ПМХЗ Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына есігін айқара ашты

Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып шәкірттері оқушыларды кәсіптік бағдарлау аясында Павлодар мұнай-химия зауытында болып қайтты. Олар замануи өндірістік кәсіпорын аумағында өткен мазмұнды экскурсияға қатысты, сондай-ақ зауыт музейіне ат басын тіреп, оның тарихы мен дәстүріне қанықты.

Павлодар Назарбаев Зияткерлік мектебі химия-биология бағытын тереңдетіп оқытады. Түлектерінің 50%-дан астамы өмірлік мамандығы ретінде өндіріс саласын таңдайды.

НЗМ оқушыларының мұнай өңдеу өндірісіне қызығушылық білдіру себебі түсінікті: алдарында күтіп тұрған маңызды қадам – болашақ мамандығын таңдау. Олардың көбі өмірлерін зауытпен байланыстыруды армандайды, себебі «ПМХЗ» ЖШС – тек біздің аймағымыздың ғана емес, бүкіл республикамыздың бетке ұстар ірі кәсіпорындарының бірі болып саналады.

Зауытқа кірмес бұрын оқушылар техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтті. Бұл өз кезегінде олардың жұмысқа деген жауапкершілігін арттырып, мамандыққа деген ынтасын еселеуге септігін тигізді. Экскурсияның қызығы бұдан кейін басталды: балалар кәсіпорын қызмекерлерімен және «VISTA оқу орталығы» ЖШС-ның оқыту бойынша менеджері Ольга Окульскаямен бірге автобуспен өндірістік алаңды аралап қайтты. НЗМ оқушыларына зауыттың жұмысы, кәсіпорынның шығаратын өнімдері таныстырылып, өндірістік цикл көрсетілді. Автобус әйнегінен болса да, болашақ түлектер шикізатты бензин, мазут, битум сияқты дайын өнімдерге айналдыратын ірі технологиялық қондырғылардың жұмысын көру мүмкіндігіне ие болды.

Танымдық экскурсиядан кейін балаларды зауыттың оқу орталығына апарып, өндіріс нысандары бойынша мультимедиалық оқыту кешендерімен таныстырды. Олардың көмегімен виртуалды модельдер мен анимация арқылы қондырғы құрылғыларының ішкі жұмысын көрсетіп, кәсіпорындағы технологиялық үрдістерді нақты түсіндіруге болады. Ал зауыт музейіндегі оның терең тарихы мен дәстүрі жайында мағлұматты қандай ынтамен тыңдағаны айтпаса да белгілі.

ПМХЗ-да кәсіптік бағдарлау жұмыстары кешенді түрде жүргізіледі. Зауыт аймағымыздың жоғарғы оқу орындары және кәсіптік колледждерімен қос тарапты оқыту бойынша бірнеше келісім-шарт жасасқан. Десе де, мектеп оқушылары да көңілден таса қалып жатқан жоқ. Кәсіпорын мамандары ашық есік күндері аясында оқу орындарына барып, тақырыптық кездесулерге, дөңгелек үстел басындағы талқыларға қатысып қайтады. Сондай-ақ ынталы жастарды зауытқа экскурсияға жиі шақырады.

 «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның 

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться