ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
14.04.2022
492 просмотров
ПМХЗ командалары ҚР Президентінің Жолдауы бойынша смарт-ойынның жүлделі орындарына ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын білу деңгейін тексеруге арналған «Smart Nation» интеллектуалдық ойынында Павлодар мұнай-химия зауытының «ПМХЗ» және «Мұнайшылар» атты 2 командасы «алтын» мен «қоланы» қанжығаларына байлады.

 

«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ, іс-шара ұйымдастырушылары, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ сынды өндірістік кәсіпорындардың жас мамандарына 2022 жылдың 16 наурызында жарық көрген Президент Жолдауын талқылаудың жаңа форматын ұсынды. Квиз (ағыл.тілінде «quiz», «викторина») – жай ғана интеллектуалды-сауықтыру викторина емес, бұл еліміздің әрбір азаматын алаңдататын, көңіл қоюды талап ететін тақырыпқа байланысты ой, көзқарас, пікір алмасу алаңы. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауының маңыздылығы ерекше. Оның мазмұны мен ауқымы 1 жылдан әлдеқайда ұзақ уақытты қамтиды. «Біз алдымызға өр мақсат қойып жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. «Жаңа Қазақстан саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді кірігуіне негізделуі тиіс».

Алдарына «жеңіспен ораламыз» деген мақсат қойған павлодарлық мұнай өңдеушілер «ПМХЗ» және «Мұнайшылар» атты 2 топ шығарып, қарсыластарының үмітін мүлде үзді. Викторинаның 5 кезеңінен де сүрінбей өткен «ПМХЗ» командасы интеллектуалдық ойынның жеңімпаздары атанса, «Мұнайшылар» тобы үшінші орынға ие болды. Кәсіби төрешілердің айтуынша, зауыттың жас мамандары 7 команданың ішінен мардымды ойларымен көзге түсті: Президент Жолдауы мәтінін жетік меңгерумен қатар сұрақтарға нақты әрі шапшаң жауап бере алды. Сондай-ақ сайыс тапсырмаларын орындауда шығармашылық қабілеттерін танытумен ерекшеленді.

Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның 

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться