ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
13.04.2022
532 просмотров
ПМХЗ және Павлодар облысының ТЖД бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

2022 жылдың 13 сәуірінде «ПМХЗ» ЖШС аумағында «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-мен бірлескен қауіпті өндірістік объект есептелетін кәсіпорынның резервуарлар паркінде азаматтық авиация күштерінің әрекеттері бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Аталмыш оқу-жаттығу аймағымыздың мұнай өңдеу өнеркәсібі объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою бойынша әрекеттерге қатысты азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін жетілдіру және өндірістік бақылау, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметі, кәсіпорынға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт және газ қауіпсіздігі отряды сияқты зауыт күштері мен құралдарын дайындықтан өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Осындай іс-шараларды жүзеге асыру барысында күрделі өрт сөндіру мен құтқару жұмыстарын жүргізген кезде азаматтық қорғаныс органдары бөлімдерінің жеке құрамы, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС қызметкерлері мен «ПМХЗ» ЖШС жұмыскерлерінің бірлескен әрекеттерінің үйлесімділігі пысықталады.

Тактикалық мақсатқа сәйкес, жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайтын аумақта герметизацияның бұзылу салдарынан 29-5/2 паркінің Р-3 жағалау резервуарында дизель отынының төгілуі орын алды. Бірінші болып оқиға орнына «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС ӨГҚО өрт-құтқару командасы жетті. 

Оған көмекке мамандандырылған (СӨБ-1) өрт сөндіру бөлімі, яғни жеке құрамның 92 адамы мен техниканың 12 бірлігі аттанды. Арнайы қызметтер төтенше жағдай барысында қолданылатын келесідей әрекеттерді орындады:

«Тыңдаңыздар!» және «Жалпы жиын» сигналдарынан кейін өндіріс қызметкерлеріне, апаттан құтқару қызметіне, басқарушы және командалық-басқарушы құрамына, қаланың БДКҚ (Бірыңғай диспетчерлік кезекшілік қызметіне), ПМХЗ-ға хабар беріледі.

1.      Барлау жүргізу мен «зардап шегушіні» эвакуациялау.

2.      «Зардап шегушіге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

3.      Қауіпті аймақты қоршауға алып, қызметкерлерді эвакуациялау.

4.      Өртті сөндіру мақсатында тармақталған магистральды жолдарды салу.

5.      Р-3 резервуарындағы өртті оқшаулау және сөндіру.

6.      29-5/2 паркіндегі жақын орналасқан Р-1 пен Р-4 резервуарларын салқындату.

7.      Уыттылығы жоғары заттардың шашырау қаупін алдын алу.

8.      Көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

9.      Дем алуға жарамайтын ортада апатқа қарсы шараларды жүргізу.

10. Өрт сөндіруге арналған объектішілік сумен жабдықтау көздерінің даярлығын тексеру.

Бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, зардап шегушілерді құтқару мен қызметтердің өзара әрекеттестігін нығайтуда оң нәтижесін берді. Оқу-жаттығу аяқталып, қорытындысы шығарылғаннан кейін ПМХЗ мен Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылықтары бұдан әрі осындай іс-шараларды жылына кем дегенде 2 рет өткізу жөнінде шешім қабылдады. Келесі ірі оқу-жаттығу осы жылдың күзінде өткізілмек.

 

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның 

жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться