Құрметті достар, әріптестер, серіктестер!
Сіздерді Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам барша қазақстандықтар үшін достық пен бейбітшіліктің, ауызбіршілік пен жасампаздықтың символына пара-пар. Мамыр айының алғашқы мерекесінде бастарыңызға бақ, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс және отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!
Ізгі ниетпен,
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы
Саятай Әліпбаев