ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
04.05.2022
547 просмотров
ПМХЗ-ның 6 мұнайөңдеуші ардагері «Еңбек ардагері» медальдері табысталды

Қазақстан халқы бірлігі күнінің қарсаңында Павлодар мұнай-химия зауытының алты ардагері көп жылдық адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен наградталды. Марапатталғандардың әрқайсысының осы саладағы еңбек өтілі отыз, тіпті қырық жылдан астам.

Марапатталғандардың қатарында кәсіпорында 40 жылдан астам еңбек еткен технологиялық қондырғылар операторы Нұрмақанов Ерғали Сәменұлы.

Зауыттағы еңбек өтілі 38 жылдан асатын Томск политехникалық институтының түлегі, технологиялық сорғылар машинисі Иващенко Сергей Григорьевич.

Кәсіпорында 36 жылдан астам еңбек еткен мұнай-битумы мен күкіртті толтыру және түсіру учаскесінің басшысы Долгилев Владимир Васильевич.

 

Зауытқа өмірінің 39 жылын арнаған технологиялық сорғылар машинисі Гузей Анатолий Владимирович.

Кәсіпорында 35 жылдан көп жұмыс істеген технологиялық қондырғылар операторы Плотников Иван Александрович және ПМХЗ-да 42 жыл қызмет еткен құюшылар бригадирі Давальченко Анатолий Николаевич болды.

Марапат алған әр ардагердің мол өмірлік тәжірибесі, еңбек жолынан бірталай естеліктер бар.

«Олар - кәсіпорынның дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатқа лайық жандар. Олардың еңбек еткен жылдарын қоссақ, бұл көрсеткіш 300 жылдан асып кетеді. Бұл бәрімізге, ең бастысы өскелең ұрпаққа үлгі болмақ»,- деді өндіріс бойынша бас директор орынбасары-жетекші инженердің м.а. Алексей Анкин.

Жақында ғана зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлердің басты естеліктері олардың сүйікті ісіне арнаған уақытымен байланысты. Алайда олардың кейбіреулері әлі де белсенді қоғамдық өмірін жалғастырып, өскелең ұрпақпен тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Ардагерлерге берілген «Еңбек ардагері» ведомстволық наградасы 2014 жылы тағайындалды. Бұл шешім қазақстандық қоғамдағы «Еңбек адамының» беделін арттыру, өнімді еңбекке ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, еңбекші әулеттердің ежелден келе жатқан дәстүрін нығайту мақсатында қабылданды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться