ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
17.05.2022
525 просмотров
ПМХЗ – RLG: техникалық қызмет көрсету тиімділігі мен сенімділікке басты мән беріледі

ПМХЗ басшылығы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға басты назар аударады: жабдықтардың бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен сенімділігі, диагностика мен жоспарлы-алдын алуға бағытталған жөндеу жұмыстары мерзімінің қысқаруы.

Кәсіпорынның әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес даму қажеттілігін түсіне отырып, ПМХЗ-да бизнес-процесстерді кезең-кезеңімен қайта құру бойынша стратегия әзірленді. Тоқтатпалы жөндеу жұмыстары мен қысқа мерзімді тоқтатулардың экономикалық көрсеткіштері жақсарғаннан кейін оптимизацияның басты мақсаты – құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Жоба механикалық дайындық индексін арттыра отырып, құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу тиімділігін арттыруға бағытталған. Аталмыш жоба 2017 жылы кәсіпорында күрделі жөндеу жұмыстарын дайындау және жүргізу әдіснамасын енгізуге ықпал еткен канадалық RLG International компаниясының белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда.

«Бес жыл бұрын да, одан кейінгі жылдары да біз RLG компаниясының инструменттерін қолданудың пайдасын іс жүзінде көре алдық. Сол аралықта қол жеткізген нәтижелер мен өзара әрекеттесу тәжірибесінің арқасында техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыру бойынша жобаның сәтті жүзеге асырылатынына сенеміз»,- дейді Өндірістік активтер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын басқару департаментінің бөлім бастығы-бас механик Сергей Шевченко.

RLG компаниясының қызметкерлері зауытқа техникалық қызмет көрсетуге байланысты негізгі және қосалқы процесстерді әзірлеу мен баптау жұмыстарына жұмылдырылған. Жобаны жүзеге асырумен Анатолий Грешилов бастаған Алексей Раздорский, Андрей Потапов және Борис Кириллов сияқты жобалық менеджерлер кіретін топ айналысады.

Өздерінің бірегей әзірлемелерін және ұқсас жобалардан алған тәжірибелерін пайдалану нәтижесінде канадалық серіктестер бүгіннің өзінде тұрақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Жоба әдіснамасының негізі – RLG International компаниясы жасаған өндірістік мәдениет пен өндірістік нәтижелерге байланысты өзгерістерді қалыптастыруға арналған Mx™ моделі.

Павлодарда жобаны жүзеге асыру үрдісі дәстүр бойынша диагностика кезеңінен басталды. Оның барысында ПМХЗ-ның үрдістері мен нәтижелеріне байланысты тарихи мәліметтер сарапталып, зерттелді. Ақырында нәтижеге оң үлес қосудың ең маңызды әлеуетін қамтитын өзгерістер ауқымы анықталды. Алынған қорытындылар жобаны жүзеге асырудың келісілген жол картасында көрініс тапты. Қазіргі таңда ол енгізілу процесінен өтіп жатыр. Mx™ моделін жүзеге асыру барысында ұйымдағы техникалық қызмет көрсету процесстерінің негізгі бесеуі жүйелі және басқарылмалы болады. Нәтижесінде бұл ПМХЗ-ның неғұрлым қауіпсіз әрі сенімді өндіріске көшіп, бәсекеге қабілетті баға ұстауына мүмкіндік береді.

 

Анықтама үшін:

RLG International – штаб-пәтері Ванкуверде орналасқан канадалық консалтингтік компания. RLG-дің 250 жобалық менеджері бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді: 60% – АҚШ-та, 20% – Еуропада, 15% – Канадада, тағы 5% – әлемнің басқа елдерінде.

1983 жылдан бастап компания өз тұтынушыларының өндірістік және қаржылық тиімділігін арттыруда көшбасшы болып табылады. Оның қызметі өндіріс мәдениетін өзгертуге бағытталған өзіндік даму әдіснамаларын, әдістерін және үлгілерін енгізуге негізделген. RLG клиенттерінің қатарына 40-тан астам елдегі 250-ден астам энергетика, мұнай-газ, аэроғарыш, қорғаныс, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және қаржы компаниялары кіреді.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться