ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
01.05.2022
494 просмотров
ПМХЗ мини-футболдан жарыс ұйымдастырып, дәстүрлі спартакиаданы жандандырды

Өткен демалыс күндері ПМХЗ өз қызметкерлеріне мини-футболдан турнир өткізді.

 

Жарыстың екі кезеңі 2 күнге бөлініп өткізілді – 30 сәуір мен 1 мамыр. Жеңімпаз команда жексенбі күні анықталды.

Мини-футболдан турнирге кәсіпорынның 6 өндірісінің әрқайсысынан, зауыт басқармасы мен ЖШС «УПНК-ПВ» серіктес-компаниясынан бір-бір командадан қатысты. Олардың қатарында мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі, мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі, мұнайды терең өңдеу өндірісі, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі, күкірт пен жалпызауыттық шаруашылық өндірісі және ашық мұнай өнімдері өндірісінің қызметкерлері.

Өзара сегіз команда бір-бірімен ойнап шықты. Сенбі күні қатысушы командалар екі топқа бөлініп, қызықты кездесулер бір уақытта екі футбол алаңында өтті. Біріншісі – қалалық бақта, екіншісі – №2 БЖСМ-де.

1 мамыр күні жартылай финал мен финал ойындары өтті. Нәтижесінде 4 кездесу болды. 

Спорттық жарыс келесі нәтижемен қорытындыланды:

1 орын - Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ)

2 орын - Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ)

3 орын – Зауыт басқармасы

Жеке номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:

Үздік қорғаушы - Олжас Сейтмұханбетов (компьютерлік жаттығу кешендерінің нұсқаушысы, зауыт басқармасы)

Үздік шабуылдаушы - Владимир Носков (ағызушы-құйып таратушы, МКТӨ)

Үздік бомбардир - Айтан Сәдуақас (технологиялық сорғылар машинисі, МТӨӨ)


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко


 

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться