ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
30.04.2022
493 просмотров
ПМХЗ кәсіпорынның санитариялық-қорғау аймағындағы тазалықты сақтап келеді

ПМХЗ және сервистік компаниялар қызметкерлері кәсіпорынның санитариялық қорғау аймағында тазалау шараларын жүргізді.

Дәстүрге сай көктем келісімен зауыт аймағын көріктендіру жұмыстары қыза түседі.   

Бұл шаралардың ішіндегі негізгісі – зауыттың санитариялық қорғау аймағында сенбілік өткізу.

ПМХЗ мен сервистік мекемелердің 216 жұмыскері мен 4 бірлік техника өнеркәсіптің санитариялық қорғау аймағын ауқымды жинау шарасына қатысты.

Қызметкерлер солтүстік өнеркәсіптік аймақтың бекітілген аумақтарын тазартып, жиналған қоқыстарды қалалық қоқыс полигонына шығарылуын қамтамасыз етті.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Асылжан Жеңіс

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться