ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
30.04.2022
532 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Павлодар мұнай-химия зауытының жұмыскерлері, соның ішінде кәсіпорынның Жастар істері бойынша кеңесінің өкілдері тазалық марафонында белсенділік танытты.

2022 жылдың 30 сәуірінде ПМХЗ қызметкерлері Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды сенбілікке қатысып қайтты.

 

Шара барысында «Восточный» шағын ауданындағы Суворов зиратынан бастап Малайсары көшесінің бойында орналасқан №53, №55 үйлердің артындағы тоғайға дейінгі аймақты жинап, тазалау шараларын жүргізді. Бұл күні 1200 тоннадан астам қоқыс жиналып, қала сыртына шығарылды.

- Зауыт қызметкерлері қаланы тазарту бойынша іс-шаралар барысында әрдайым облыстың атқарушы билік өкілдеріне қолдау көрсетіп, экологиялық акциялар мен сенбіліктерге белсене қатысады,- деді Павлодар мұнай-химия зауытының Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться