ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
17.05.2022
532 просмотров
Халықаралық еңбекті қорғау күні қарсаңында ПМХЗ-да АМАН жүйесі бойынша үздектер анықталды

2022 жылдың 13 мамырында ПМХЗ-да Халықаралық еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылып, бір айға шақталған сайыстың қорытындысы шығарылды. Павлодар мұнай-химия зауытындағы ең маңызды талаптардың бірі - қауіпсіз еңбек ету ортасын қалыптастыру.  

Үш жыл қатарынан зауыт өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмай жұмыс істеп келеді. Бұл еңбекті қорғау талаптарының сақталуына басты назар аударылатынын білдіреді. Соңғы 2 жыл бойы орын алған карантиндік шектеулерге қарамастан, қауіпсіздік техникасына жауап беретін қызметкерлер әрдайым біліктіліктерін арттырып отырады.

2022 жылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың кіріктірілген жүйесі бойынша өткізілген АМАН сайысының нәтижесі келесідей болды:

«Үздік қауіпсіздік бойынша мінез-құлықтық бақылау жүргізу басшысы»:

1 орын - Адлан Урумбаев, Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық координаторы.

2 орын – Юрий Советов, Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің ауысым басшысы.

3 орын – Асхат Хұсайын, Мұнайды терең өңдеу өндірісінің ауысым басшысы.

 

«Үздік қондырғы/учаскі, зертхана басшысы»:

1 орын – Рустам Валеев, Апаттық газ торабының басшысы.

2 орын – Нұрғали Нұрғалиев, С-400 мұнайды терең өңдеу өндірісінің басшысы.

3 орын – Қаныш Демесінов, Мұнай өнімдерін компаундирлеу мен тиеу өндірісінің ағызу-құю эстакадасының басшысы.

 

«ЕҚ дәне ҚТ бойынша үздік инженер»:

1 орын – Анна Бенке.

2 орын – Шыңғыс Алтынбеков.

3 орын – Ольга Киреева.

 

«Үздік өндіріс басшысы»:

1 орын – Ахметжан Парпиев, Мұнайды терең өңдеу өндірісі басшысының м.а.

2 орын – Вадим Тулисов, күкірт өндірісі және жалпызауыттық шаруашылығы басшысы.

3 орын – Жандос Өтемісов, Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің басшысы.

 

«Үздік өндіріс»:

1 орын – Мұнайды терең өңдеу өндірісі.

2 орын - Күкірт өндірісі және жалпызауыттық шаруашылығы.

3 орын – Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі.

Халықаралық еңбекті қорғау күнінің құрметіне Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Петрук Сергейге «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК естелік белгісі табысталды.

Сайыс жеңімпаздарын ПМХЗ бас директорының міндетін атқарушы Саятай Әліпбаев құттықтап, зауыт қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғысын білдірді.


«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться