Тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше маңыздылығы бар шара алдымыздағы жексенбі күні, яғни маусымның бесінші жұлдызында өтеді. Бірнеше күн бұрын Павлодар облысы бойынша республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының өкілдері ПМХЗ-да болып қайтты.
Мемлекетімізде Жаңа Қазақстанды құру жолындағы даму бағыты айқындалды. Референдумда дауыс беру арқылы республика азаматтарына тек өздері мен балаларының ғана емес, сонымен қатар тұтас мемлекеттің болашағын жарқын етуге үлес қосу мүмкіндігі туып отыр. Бұл қоғам белсенділерімен өткен Конституцияға өзгеріс енгізу жайлы болған талқы барысында ерекше белсенділік танытқан Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлеріне мәлім жайт.
Шара барысында саяси ғылымдар кандидаты Серік Ілиясов, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы Нұргүл Қайырденова, «Десанта» қоғамдық қорының бас директоры Сергей Гуляев, облыс маслихатының экс-депутаты Раушан Даумова және «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Жантеміров зауыт қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі.
Олар жұмысшыларға алдағы дауыс берудің ерекшеліктерін, негізгі заңнамаға енгізуге ұсынылған өзгерістерін және неліктен референдум қатысушыларының әрбір өзгеріс үшін емес, ал бірден барлық өзгерістер үшін немесе оған қарсы дауыс беру мүмкіндігі болатынын түсіндірді. Сондай-ақ жиналғандар өлім жазасына тыйым салудың ұсынылу себебі, жерді халықтың меншігіне беруден күтілетін нәтиже және басқа да маңызды тақырыптар төңірегіндегі сауалдарын жолдады.
5 маусым күні Конституцияға енгізілгелі жатқан 33 бабындағы 56 түзетпе үшін немесе оған қарсы дауыс беруге болатынын зауыт қызметкерлерінің естеріне салып, оны жүзеге асырудың және өз сайлау учаскесін білу жолдарын түсіндірді. ПМХЗ қызметкерлері алдағы референдумға қатысты көптеген сұрақтар қойды. Себебі Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер ел тұрғындарының өмірлеріне әсер ететіні сөзсіз. Олар, өз кезегінде, ел ертеңі үшін жауапты екенін жақсы түсінеді.
Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері Павлодар мұнай-химия зауыты ұжымының таяуда өтетін дауыс беру тақырыбына қатысты жоғары белсенділігін атап өтіп, талқылауға қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосурет: Вадим Белошенко