"Дені саудың - жаны сау" деп ұран салып бұрынғы зауыт жұмысшылары үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және баскетбол добын себетке лақтыру бойынша жарысты.
Іс-шараны қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. "Автомобилист" спорт кешенінде өткен спартакиада Павлодар облыстық ардагерлер ұйымының 40 жылдығына орайластырылды. Осындай алғашқы шара 2019 жылы өткен болатын. Бұл жолы Павлодар мұнай-химия зауытының командасында сегіз адам тіркелді.
Спартакиададан алған әсерімен "ПМХЗ" ЖШС ардагерлер кеңесінің төрайымы Галина Николаевна Кусова бөлісті.
- Жақсы ойнадық: ұтыстар да, жеңілістер де бар. Көшбасшылар үштігіне кіру мүмкін болмады, бірақ бізге жеңіс маңызды емес. Шараға сүйсіне қатыстық. Ал жарыстың соңғы нәтижелері ардагерлер ұйымдарының барлық төрағалары кездескеннен кейін жарияланады, - деді Галина Николаевна.
Айта кету керек, қалалық спартакиадаға жиырмадан астам команда қатысты, белсенділік жоғары деңгейде болды. 2019 жылғы жарыста спорттың төрт түрі емес, алты түрінен жарысты. Сол кезде ПМХЗ ардагерлері де додаға белсенді қатысты. Биыл спартакиадада тоғызқұмалақ - жаңа спорт түрі, бұл ойын бойынша да ардагерлер арасында өз күштерін сынап көргендер табылды.
Галина Николаевна осы жылы спартакиада үшін команданы қалай құрғанын құпиясымен бөлісті:
- Біздің звеношылар кәсіпорын ардагерлеріне қоңырау шалып, олардың денсаулығына, көңіл-күйіне қызығушылық танытты, олар бос уақытта немен айналысатынын сұрады, былайша айтқанда, спортқа құмарларды анықтады. Біз сегіз адамнан тұратын команданы жинап алдық.
Павлодардағы келесі ардагерлер спартакиадасы 2024 жылы өтеді. ПМХЗ ардагерлері қазірден бастап жарыстарға кімнің қатысатынын жоспарлап отыр.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосурет: Илья Величко