ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
23.05.2022
626 просмотров
ПМХЗ-да волейболдан үздік ойыншылар анықталды

21 және 22 мамырда "Баянтау" спорт сарайында жыл сайынғы дәстүрлі ПМХЗ Спартакиадасы аясында мұнай өңдеушілер волейболдан жарысты. Шара тартысты өтті: үздік атақ үшін зауыттың алты құрылымдық бөлімшесі күресті, әр құрамада – 10 ойыншыдан.

Волейбол - бұл командалық спорт түрі және онда команданың бірлігі маңызды. Бұл тұрғыда барлық бөлімшелердің ұжымдары мықты болды, бірақ олардың бірнешеуінің құрамындағы тәжірибелі спортшылардың шеберлігі командаларына іріктеу кезеңінде алға шығуға мүмкіндік берді.

Турнир барысында үздік қорғаушы деп танылған құюшы Владимир Иванов жарыстардағы ең қауіпті сәттерді алдын алды, бұл компаундирлеу мен мұнай өнімдерін жөнелту өндірісіне абсолютті жеңіс әкелді. 

Екінші орынды мұнайды терең өңдеу өндірісінің командасы жеңіп алды - технологиялық сорғылардың машинисі Олег Баркуновтың шабуылымен қарсыластар ұтымды позицияларын жоғалтты. 

Жеңімпаздардың үштігін күкірт және жалпы зауыттық шаруашылық өндірісінің командасы тұйықтады. Сонымен қатар, "УПНК" ЖШС серіктестік компаниясының құрама ойыншысы да көзге түсті: тауар операторы Нұрсаит Мереке турнирдің үздік бұғаттаушы атағын алды.

Жарыстың ең қуанышты бөлігі - марапаттау рәсімі қошеметпен аяқталды. Чемпиондарға кубок, ерекше ойнағандарға грамоталар мен сертификаттар табысталды.

Спартакиданы өткізу - ПМХЗ-ның бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрі болғандықтан, үздік үштікке енбеген бөлімшелерде өздерін көрсету мүмкіндігі әлі де алда күтіп тұр.

 

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фотосурет: Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться