ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
07.11.2022
586 просмотров
 «ПМХЗ» ЖШС «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының тәлімгерлік семинарын өткізу алаңы болды

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС оқу орталығының базасында жас буынның тәлімгерлері ретінде қосарлы оқыту бағдарламасына қатысатын кәсіпорын қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар өтті.

Қосарлы оқыту жүйесі ПМХЗ-да 2012 жылдан бері жұмыс істеп, жақсы нәтижелер көрсетіп отыр: ПМХЗ-ның кадрлық құрамы тұрақты түрде осы жүйеден өткен жас мамандармен толығып отырады. Ал тәлімгерлер болып жүрген зауыт қызметкерлері бұл бағытта дамып, білім беру курстарынан өтіп отырады. Олар тіпті «Атамекен» ҰКП тәлімгерлер реестріне де кірістірілген.

Астанадан келген Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сертификациядан өткен тәлімгер-мультипликаторы Ләззат Шонаева қосарлы білім беру бойынша жұмыс істеу курсын зауыт қызметкерлері үшін алғаш рет өткізді. Аймақтық палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Әбілғазина айтып өткендей, «ПМХЗ» ЖШС алаңында мұндай оқыту алғаш рет орын алып жатыр. Семинарда біліктілігін арттырған компания қызметкерлері студенттермен жұмыс барысында қажет болатын мол мағлұмат алды.

Сондай-ақ Ләззат Шонаева курстан өткен Павлодар мұнай-химия зауыты қызметкерлерінің әдеттегідей кәсіпорынға жұмыс істеуге келетін жас мамандарға қолдау көрсетіп, қол ұштарын созатындарына үміт білдірді.

Семинар зауыт қызметкерлерінің көңілдерінен шықты. Оқыту барысында қызметкерлер теориялық білім алумен қатар, қосарлы оқыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындайтын түрлі жағдайларды модельдеу арқылы жаңа білімді тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болды. Өйткені кез-келген жұмыс барысында барлығына дайын болу керек.

«Бізге тағы бір мәрте қосарлы оқытудың негіздері мазмұнды түрде түсіндіріліп, тәлімгерлердің жұмыстары мен қызметтік міндеттері, сондай-ақ кәсіпорында қосарлы оқытудан өту үшін келген студенттердің міндеттері талқыланды»,- деді зауыттың МБӨӨ қондырғысының басшысы Нұрсұлтан Мэлс.

«Семинар барысында студенттер оқуларын аяқтаған соң осында қайтып келіп, жұмыстарын жалғастыруы үшін тәлімгерлердің тәжірибелері және дағдыларымен бөлісудің ыңғайлы әрі дұрыс жолдары жайлы сөз етілді»,- деп «ПМХЗ» ЖШС-ның ағымдағы және жаппай жөндеу жұмыстары бойынша бас маманы Анатолий Дмитриев алған әсерімен бөлісті.

«Бұл пайдалы әрі жемісті семинарлардың бірі болды. Біз үшін жаңа терминдер мен тың ақпаратпен танысудың керемет мүмкіндігі туды. Семинар барысында өзімізге үйреншікті болып кеткен қосарлы оқытудың жаңа қыр-сырларын біліп, жастармен жұмыс жасау жолдарын меңгердік»,- деді кәсіпорынның МТӨӨ қондырғысының басшысы Павел Семенов.

]

Павлодар мұнай-химия зауыты Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына ПМХЗ-ның пайдасы үшін ұйымдарстырылған жемісті әріптестік үшін шексіз алғысын білдіреді.

   Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Павлодар облысының «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметімен бірлесе отырып

 

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться