Құрметті әріптестер!
Сіздерді басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл біздің республикамыздың шежіресіндегі маңызды тарихи күн, ол халықтың өз мемлекетінің дамуына және елдегі тұрақтылықты нығайтуға деген ұмтылысын білдіреді.
Баршаңызға амандық пен гүлдену, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Әр үйде баянды бақыт пен молшылық билік етсін, барлық алға қойған мақсаттар мен бастамалар сәтті болсын.
Мереке құтты болсын!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры
Қ. Бишімов