Павлодар МХЗ аумағында кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығулары кәсіпорын объектілерін күзету бойынша «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының күштері мен құралдарын тартумен өтті. Сондай-ақ, оларға Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қатысты.
2022 жылғы 16 қарашада өткен оқу-жаттығудың орны Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісінің Мұнай өнімдерін құю-қотару эстакадасы болды. Шартты өртті оқшаулауға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт және газ қауіпсіздігі отрядының күштері мен құралдары 7 өрт және арнайы техника бірліктері, сондай-ақ жеке құрамның 35 адамы тікелей қатысты. Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ тарапынан өрт сөндіру техникасының 1 бірлігі, сондай-ақ жеке құрамның 6 адамы жұмылдырылды. Мұндай жағдайларда персоналды хабардар ету, техника мен өрт сөндірушілердің оқиға орнына қол жеткізуін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және су беру бойынша барлық қажетті шараларды орындауға ПМХЗ-ның бірнеше серіктес-ұйымдары жауап берді: «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметі, «URPAQ-VIP» ҚА ЖШС, «AVC» Production» ЖШС, «Energy service PVL» ЖШС, «Тотал Сервис» ЖШС кезекші персоналы.
Аталған оқыту іс-шарасын ұйымдастырудың басты мақсаты «ПМХЗ» ЖШС өрт және газ қауіпсіздігі отряды қызметкерлерінің өртті сөндіру және күзетілетін объектіде өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық дағдыларын пысықтау болды.
Орындалатын іс-әрекеттер алгоритмі барысында құрылымдар кәсіпорын қызметтері, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС және Павлодар облысының «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамының өзара іс-әрекеттерін пысықтады. Ал өрт туындаған кезде, ең маңызды фактор - уақыт болғандықтан, оқу-жаттығуларда өрт сөндіру, газдан құтқару және медициналық қызметтер бөлімшелерінің, авариялық-құтқару құралымдарының, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің шақыру орнына келуіне және өрт сөндіргіш заттарды уақтылы беруге жұмсалатын уақыт мөлшеріне ерекше назар аударылды.
Жүргізілген іс-шараларды талдағаннан кейін, сараптамалық комиссиясы өрт сөндіруге тартылған қызметтер қойылған міндеттерді жедел орындады, шартты өртті жою сәтті өтті, ал ПМХЗ персоналы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес өз іс-әрекеттерін орындады деген қорытындыға келді. 2022 жылы кәсіпорын үшін бұл оқу-жаттығулар соңғы болды. Өрттерді жою бойынша келесі жаттығуды ұйымдастыру 2023 жылдың бірінші тоқсанының басында жоспарлануда.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі