ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
16.02.2023
848 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауыты дизель отынын штаттық режимде өндіруде Сутегі өндіру қондырғысында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Технологиялық жабдық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары 13 ақпанда аяқталды.
14 ақпанда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де дизель отынының өндірісі қалпына келді.
2023 жылғы 10 ақпанда Павлодар мұнай-химия зауыты «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысындағы ақаудың салдарынан дизель отынының өндірісін уақытша тоқтатқан болатын.
Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша, ПМХЗ көктемгі егіс дала жұмыстарына дизель отынының жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться