Павлодар мұнайхимия зауытының Солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасуы кәсіпорынға ПМХЗ жұмыскерлерін жұмыс орнына-орнынан қауіпсіз және уақтылы жеткізу бойынша жауапкершілікті жүктейді. Наурыз қарсаңында ПМХЗ көлік қызметтерін көрсететін сервистік компаниясы осы қызметтің сапасын жақсарту үшін үлкен және шағын санаттағы 8 жаңа автобус сатып алды.
Көлік құралдарының желіге шығуы қарсаңында, «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов қызмет көрсететін компания өкілдерімен келген барлық автобустарды қарап шығып, зауыттың кәсіпорын қызметкерлерін жұмыс орнына-орнынан қауіпсіз және жайлы жеткізу және көлік құралдарын мердігерлермен жаңарту бойынша барлық қажетті талаптарды сақтауға көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Заманауи автобустарды сатып алу үшін, сервистік компания «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қолдауын пайдалана отырып, паркті жаңартуға 440 млн. теңге инвестициялады. Олардың ішінде: 33 орынды ұзындығы 11 метрлік және 86 жолаушы жалпы сыйымдылықты «Daewoo BC211GDW» маркалы үлкен санатты 7 автобус және ұзындығы 6,5 м, сыйымдылығы 17 орынды ГАЗ А65R33 391 AI14 («Бизнес») бір шағын санатты автобус.
Көлік құралдары заманауи және ыңғайлы: шанақтың алдыңғы және артқы панельдері шыны пластиктен жасалған, бүйірлік панельдер - мырышталған металдан жасалған, олардың тозуға төзімді еден жабыны және шанақ элементтерінің тоттануға қарсы күшейтілген жабыны бар, екі қабатты шыны пакеттерімен әйнектелген. Автобустар кондиционерлермен және салон жылытқыштарымен, артқы көрініс камералары мен салондағы екі камерамен жабдықталған.
Анықтама:
2023 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша ПМХЗ штатында 1406 адам бар.
Зауыт жұмыскерлерінің жұмыс орнына - орнынан барып-келуі 20 автобус бағытымен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының орташа ұзақтығы - 56 км. Зауытшыларды жеткізуге тартылатын жаңа автобустар «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (Семей қ.) зауытында сатып алынып, Оңтүстік Корея өндірісінің машина жинақтамаларынан жиналды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фотосуреттер: Илья Величко