ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
27.03.2023
1364 просмотров
ПМХЗ «Жер сағаты» экологиялық науқанына қатысты

Жыл сайын наурыз айының соңында экологиялық мәселелерге, соның ішінде климаттың өзгеруі мен жарықтық ластануға адамдардың көңілін аударту мақсатында бүкіл әлем бір сағатқа жарық пен барлық электр құралдарын сөндіреді. Павлодар мұнай-химия зауыты да бұл науқанға бірнеше жыл қатарынан қатысып келеді.

«Жер сағаты» науқаны алғаш рет 2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұйымдастырылуымен өтті. Оның негізгі мақсаты – адамдардың назарын экологиялық мәселелерге аудартып, энергияны тиімді тұтыну қажеттілігін еске салу.

2023 жылдың 27 наурызында Павлодар мұнай-химия зауытының аумағындағы Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті орналасқан ғимаратта, сондай-ақ "Медикер – Өндірістік медицина" ЖШС сауықтыру орталығында және зауытты басқару ғимаратында бір сағатқа жарық пен иллюминациялар толықтай сөндірілді. Осылайша, ПМХЗ өз қызметкерлері мен жұртшылықты планетамыздың болашағына алаңдап, ресурстарын үнемдеп қолдануға шақырды.

Сонымен қатар кәсіпорынымыздың экологиялық көрсеткіштерді үнемі жақсартып, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруда әрқашан белсенділік танытатынын атап өткен жөн.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться