ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
14.06.2023
608 просмотров
ПМХЗ Назарбаев Зияткерлік мектебімен кәсіби бағдарлау саласы төңірегінде жемісті жұмыс жасап келеді.

ПМХЗ мектеп оқушыларының мұнай-химия өндірісіне қызығушылықтарын қолдау арқылы өз болашақ резервтерінің қалыптасуына ықпал тигізеді. Екінші жыл қатарынан зауыт НЗМ оқушылары үшін есіктерін ашып келеді. Осылайша 2023 жылдың 14 маусымында Назарбаев мектебінің оқушылары ПМХЗ-ға экскурсиямен келіп қайтты. Оған Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 24 оқушысы мен 3 өкілі қатысты.

Экскурсия НЗМ мектеп оқушыларын аймағымыздың тарихы және мәдениетімен, сондай-ақ облысымыздың жетекші өнеркәсіптік  кәсіпорындарының жұмысымен таныстыру мақсатында жүзеге асырылатын  «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының аясында ұйымдастырылды. Оқушылар ПМХЗ-ның өнеркәсіптік алаңдарын көріп, оның инфрақұрылымымен танысты.

ПМХЗ оқыту орталықтарындағы мультимедиялық оқыту кешендерінің, виртуалды модельдер мен анимацияның көмегімен балаларға өнеркәсіптегі технологиялық үдерістер түсіндіріліп, зауыттың музейі көрсетілді.

         «ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
          Фотосуреттер- Анна Гронская
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться