ПМХЗ Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек бөлді
16.04.2024
1047 просмотров
2024
жылдың 16 сәуірінде ТЖ аумағына ПМХЗ-дан 3 жүк көлігі жіберілді. Гуманитарлық
жүктің ішінде ең қажетті азық-түлік өнімдері, құтқару құралдары мен тұрмыстық
тауарлар болды. Жүктің жалпы салмағы 18 тоннаны құрады.
Зардап шеккендерге жіберілген заттар тізімі:
- Маңдайға ілінетін шамдар;
- вейдерстер, комбинезондар мен резеңке етіктер;
- резеңке қайықтар;
- құтқару желеткелері;
- ауыз суы – 12,3 тонна;
- іші жылы резеңке қолғаптар;
- мамық көрпелер;
- орамалдар;
- төсек-орын жабдықтары;
- күріш, қарақұмық, макарон өнімдері – 1,5 тонна. «ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Видео, монтаж – Асылжан Женис