ПМХЗ-ғы жұмыстар 2024 жылғы 12-19 сәуір аралығында қабылданды. Конкурсқа кәсіпорын қызметкерлерінің 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалары қатысты. Әр қатысушы А4 немесе А3 форматында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы ұранмен бір суретті ұсына алды.
Әр бала өз жұмысында ата-анасының жұмысы туралы не айтқанын және жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәдениетін қалай көретінін көрсетуге тырысты.
23 сәуірде комиссия қорытынды шығарып, «Үздік сурет» және «Үздік ұран» номинациялары бойынша жүлдегерлерді таңдады.
«Үздік сурет» номинациясының нәтижелері:
1 орын – Руслана Гарбузенко, 10 жас;
2 орын – Малика Садықова, 10 жас;
3 орын – Нұрсая Жанболат, 10 жас.
«Үздік ұран» номинациясының жеңімпазы - Аглая Ткачева, 7 жас.
25 сәуірде шығармашылық сайыстың барлық қатысушылары қорытынды шығару рәсіміне шақырылды. Зауыт аумағы бойынша экскурсиядан кейін «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері Саятай Әліпбаев конкурс жеңімпаздарын марапаттады. Барлық балалар сыйлықтармен марапатталды және салтанатты бөлімнің соңында шай ішуге шақырылды.
Балалардың шығармашылық жұмыстары ПМХЗ-нің имидждік полиграфиялық бұйымдарында пайдаланылады деп жоспарлануда.