ПМХЗ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
29.04.2024
1174 просмотров
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Павлодар мұнайхимия зауытында аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жасыл аймақ» деп аталатын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы республика бойынша саябақтарды, скверлер мен аллеяларды көркейтуге арналды. Бұл іс-шара ПМХЗ-да экологиялық жауапкершілік және қоршаған ортаға қамқорлық туралы идеяларды ілгерілету мақсатында өткізілді.
Экоакцияға Бас директордың орынбасарлары бастаған кәсіпорынның 30 қызметкері белсенді қатысты. Зауыт жұмыскерлері кәсіпорын аумағында 20 қайың мен 6 жабайы алма ағаштарының көшеттерін отырғызды. Отырғызудан кейін көшеттерді суарды.
Кәсіпорын аумағында тағы 300 бірлік жасыл желек отырғызу 2024 жылдың күзінде жоспарлануда.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің ақпараты бойынша жұртшылықпен байланыс бөлімі Фото Асылжан Жеңіс