«Бекет-2024» - кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығулар. Олардың мақсаты: мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, күш құрылымдары мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау. Оқу-жаттығу кезеңдерінің бірі – ПМХЗ өнеркәсіптік объектілерін қорғау бойынша оқу-тактикалық іс-шараларды қамтитын «Қорғау-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығу (РШО) өткізу.
Іс-шаралар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын тактикалық тапсырмаларды, сондай-ақ персоналды эвакуациялау, өртті сөндіру, ТЖ кезінде ден қою және т.б. бойынша оқу-жаттығуларды қамтиды. Оларды өткізу барысында қауіпсіздік және әскери резерв қызметі өнеркәсіптік объектілерді қорғау және төтенше жағдайлар кезінде персоналды қорғау бойынша іс-қимылдарды пысықтай алды.
10 сәуірде және де 15 мамырда мұнайхимия зауытының аумағына таяу жерде ҚР Қорғаныс министрлігінің №99225 әскери бөлімінің және №5512 Ұлттық гвардияның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің күштерімен және құралдарымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті. Бұл шараға зауыт әкімшілігі, «ПМХЗ» ЖШС күзет және авариялық-құтқару қызметі, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отряды, «Медикер-Өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметі, «Күзет-Павлодар» ЖШС қатысты. Нәтижесінде стратегиялық объектіге қарулы шабуыл кезінде ТЖ және әскери резерв қызметтерінің бірлескен жұмысы қамтамасыз етілді.

2024 жылғы 14 мамырда ПМХЗ-де ЛК-6у қондырғысының колоннасына дрондардың жасанды шабуылы көрініс алды. Кәсіпорынның авариялық қызметтерінің жұмыскерлері өндірістер аумағында қауіп туындаған кезде жоғары дайындық деңгейін көрсетті, сонымен қатар персоналды эвакуациялау сәтті жүргізілді, бұл жағдай кәсіпорынның азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігі мен жұмыс қабілеттілігін көрсетеді.
2024 жылғы 15 мамырда Павлодар қаласының жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде «ПМХЗ» ЖШС жұмыскерлері күзет және медициналық қызметтерді жүзеге асыратын «ПМХЗ» ЖШС мердігерлік ұйымдарының көмегімен №15 құрама эвакуациялау пунктін (ҚЭП) ұйымдастырды. Оқу-жаттығу іс-шарасы барысында халықты тіркеу, газқағарлар беру, күту залына сүйемелдеу және қала сыртындағы аймақтағы межелі орынға жіберу сияқты ҚЭП ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды. Павлодар қаласы әкімінің 2014 жылғы 14 қазандағы №1-567 өкіміне сәйкес «ПМХЗ» ЖШС осы ҚЭП әкімшісі болып табылады.
2024 жылғы 16 мамырда «Қорғау-2024» шеңберінде зауыт аумағында бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшу кезінде азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес іс-қимыл тәртібін тексеруге мүмкіндік туды. Атап айтқанда аумақтағы жағдай зерттеліп, тиісті міндеттер қойылды, хабарлау және байланыс құралдары, №89 және №112 қорғаныс құрылыстарының дайындығы тексерілді, тиісті қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі анықталды.
2024 жылғы 17 мамырда төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау үшін құрылған «ПМХЗ» ЖШС құтқару командасы «Кедентранссервис» ЖШС аумағында өткізілген Павлодар қаласының шұғыл ден қою жасағының іс-шараларына қатысты.
Мұндай оқулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру кәсіпорынға қарулы шабуыл болған жағдайда күш құрылымдарының жауынгерлік дайындығын арттыруға, авариялар кезінде қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдарды пысықтауға, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бөлімшелері, ПМХЗ авариялық қызметтері, ЖШС “Күзет-Павлодар” мен жұмысшы персонал арасындағы іс-қимылдардағы үйлесімділікті бекітуге мүмкіндік береді. Бұл іс-шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін және мұнай өңдеу саласының тұрақтылығын сақтау негізі болып табылады.
Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі «ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімінің ақпараты бойынша
Фото – Асылжан Жеңіс