2022 жылдың қараша айында Никита Колесников ПМХЗ рационализаторлық ұсыныстарын қарау жөніндегі инновациялық комитеттің отырысында сөз сөйледі. Онда ол «РК-001, РК-002-ұштарына өтетін қайталанатын кіші диаметрлі Е911-BV-0011А,В-бу қысымтығындарын орнату» деген ұсынысын сәтті қорғады. Оның идеясы 2023 жылғы тоқтатып жөндеу жұмысын жүргізу кезеңінде жүзеге асырылды.
Бұған дейін, 2017 жылы зауытты жаңғырту аясында АМҚӨӨ өндірісінде Е-911-алау қондырғысы пайдалануға берілген болатын. Оның жұмысы кезінде қондырғының бу қысымтығындары тек қана алауға үлкен төгінді түсіруге арналған болып шықты. Кішкене төгінділерде тек бір үлкен қысымтығын жұмыс істеді, бұл технологиялық режимді жүргізуді қиындатты: алау мезгіл-мезгіл ысталып, көп бу шығарды. Бұл немен қауіпті? Алау көп буланған кезде, бұл оның сөнуіне әкелуі мүмкін. Алауды ыстау қоршаған ортаға теріс әсер етеді.
Кішкене төгінділерде алаудың тұрақсыз жануын болдырмау үшін Никита Колесников мәселені шешу ретінде BV-001А, (ДУ-250) қысымтығындарына қатысты қайталанатын кіші диаметрлі- ДУ50 қысымтығындарды орнатуды ұсынды. Бұл ұсыныс өндірісте қажетті технологиялық әсерге қол жеткізгеннен гөрі қысымтығын жұбының шығынын дәлірек бөлуге мүмкіндік берді.
Н.В. Колесниковтің рационализаторлық жобасы арқасында үнемделген бу сағатына 1-ден 1,5 тоннаны құрады. РК-001, 002 тұрақты жануы қамтамасыз етілді. Буды көп шығындау кезінде газ-алау қондырғысы дұрыс жұмыс істейді, бу шығыны азайған кезде алаудың ысталуы алынды, қоршаған ортаға эмиссиясы азайды, гидро соққыларының алдын алды. Қолға алынған идея болашақта сонымен қатар қондырғының дұрыс жұмыс істеуінен кәсіпорында жақсы экономикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, оның нақты мөлшері қаржы жылының соңына дейін есептеледі.
Никита Колесниковті орынды және тиімді ұсынысы үшін зауыт басшылығы көтермеледі. Маман Инновациялық комитет отырысының қорытындысы бойынша рационализатор куәлігін алды, сондай-ақ сыйлыққа ие болды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Вадим Бердников