ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
08.06.2024
1244 просмотров
ҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді 8 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Павлодарға жұмыс сапары барысында Павлодар мұнай-химия зауытының технологиялық кешендері жұмысымен танысып, өндірістік мәселелер бойынша жиналыс өткізді.

Жиында зауыт қызметі мен 17 маусымда басталып бір айға созылатын жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.


«ПМХЗ-ның тұрақты әрі сенімді жұмысы ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын сақтай отырып, 2024 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарын бекітілген мерзімде сапалы жүргізуді қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Асхат Хасенов және жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Еліміз бойынша жеткілікті жанармай қоры жиналғанын атап өткен жөн. Сондықтан жоспарлы алдын алу жұмыстары өңірлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету тұрақтылығына әсер етпейді.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Вадим Бердников
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться