ПМХЗ-да өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығулар өткізілді
28.05.2024
1163 просмотров
2024 жылғы 28 мамырда «Тотал-сервис» ЖШС және «ІНЖІР» мүмкіндіктері шектеулі адамдар ұйымы» ҚБ жалға алған «ПМХЗ» ЖШС кір жуу ғимаратында АҚ және ТЖ бөлімі өрт сөндіру бойынша оқу дабылын өткізді. Оған кәсіпорынға қызмет көрсететін ұйымдардың, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының және «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметінің жұмыскерлері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында авариялық қызметтердің қызметкерлері ғимараттағы өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтап, «Тотал-сервис» ЖШС және «ІНЖІР» мүмкіндігі шектеулі адамдар ұйымы» ҚБ басшылары персоналды эвакуациялауды жедел ұйымдастыруды қамтамасыз етті. Сонымен қатар құтқару бригадасы эвакуацияланған адамдарды құру кезінде табалмай қалған жұмыскерді кір жуатын орыннан табуы керек еді.
Оқу-жаттығуларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 4 бірлік өрт техникасымен және газдан құтқару қызметінің 1 бірлік техникасымен келген «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының 31 қызметкері жұмылдырылып, ғимараттағы жұмыскерлер мен «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметінің жедел жәрдем автокөлігі тартылды.
Мұндай іс-шаралар персоналдың өрттерге қарсы тұруға дайындығын арттыруға, ал авариялық қызметтерге төтенше жағдайларға ден қою дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Суретті «ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімі ұсынды