ПМХЗ атмосфераға зиянды шығарындыларға қатыстылығын жоққа шығарады
20.06.2024
410 просмотров
Әлеуметтік желілерде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-нің Павлодардағы атмосфералық ауаның жоғары ластануына кінәсі туралы ақпараттың таралуына байланысты кәсіпорын мынаны хабарлайды:
Қондырғылар мен жабдықтарды жөндеуге дайындау кезінде барлық жұмыстар жүргізу жоспарларына сәйкес қатаң орындалады.
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың рұқсат етілмеген шығарындылары болған жоқ.
Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларының (ШРК) сақталуын бақылауды зауыттың аккредиттелген санитарлық зертханасы жүзеге асырады. Атмосфералық ауаның сапасына бақылау кәсіпорын аумағында да, санитарлық-қорғау аймағының шекарасында да жүргізіледі. Өлшеу нәтижелері бойынша ШРК артуы анықталған жоқ.
Зауыт атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Байланыс жасау бөлімі, «ПМХЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің ақпараты бойынша