«Жасыл ел» («Жасыл жер») байқауын «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ қолдауымен қоршаған ортаны қорғау қызметі ұйымдастырды.
Қолдан жасалған бұйымдар 2024 жылғы мамырдың 24-нен 31-не дейін қабылданды. Іс-шараға жеті жастан он екі жасқа дейінгі 35 бала қатысты. Олардың барлығы кәсіпорын мен сервистік ұйымдар қызметкерлерінің балалары. Жұмыстарды әділ бағалау үшін байқауға қатысушылардың есімдері жасырылды: қазылар алқасының әрбір мүшесіне жеке нөмірлері бар, бірақ авторлығы жоқ қолдан жасалған бұйымдар бейнеленген фотосуреттерге сілтеме жіберілді.
«Жасыл жер» байқауы тақырыбының өзектілігіне қазіргі заманның күрделі мәселесі болып отырған ауаның ластануы мен қоршаған ортаға әсер ету мәселесі себепші. Мұндай факторларды еңсерудің маңызды шарты – халыққа, әсіресе болашақ ұрпақ ретінде балаларға экологиялық тәрбие беру.
«ПМХЗ» ЖШС экожүйені қорғаудың маңыздылығын әрқашан мойындаған еді. Балаларға арналған қолдан жасалған бұйымдар байқауының табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруда үлесі зор, өйткені тәрбиенің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық ойлау қабілетін бала кезден дамыту өте маңызды.
Экологиялық сананы қалыптастырумен қатар байқау шығармашылықты дамытуға, еңбекті құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталды.
2024 жылғы үшінші маусымда комиссия конкурсты қорытындылады. 1-ші орын Григорий Терёхинге берілді.

Қатысушы Григорий Терехиннің жұмысы
2-ші орын Арсен Баженовке берілді.

Қатысушы Арсен Баженовтың жұмысы
3 орынға Данислав Кремер ие болды.

Қатысушы Данислав Кремердің жұмысы
2024 жылғы жетінші маусымда музыкамен, аниматорлармен және ойын-сауық ойындарымен байқауға қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасы дайындалды және өткізілді. Сол күні жеңімпаздар мен қатысушыларды «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов марапаттады. Барлық балалар грамоталар мен сертификаттар алды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Сурет – Вадим Бердников және қоршаған ортаны қорғау қызмет