Спартакиадада барлығы 11 спорт түрі ұсынылады. Олардың төртеуі бойынша Павлодарда іріктеу жарыстары өтті: шөптегі футбол, ерлер арасында волейбол, ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисі және жүзу.
ПМХЗ жұмыскерлері волейболдан жарыстарда үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді, сондай-ақ Павлодар МХЗ спортшылары 40 жастан асқан санаттағы ерлер мен әйелдер жүзуінен жеңіске жетті. Футболшылар мен теннисшілер де өздерін жақсы көрсете білді, олар өз спорт түрлерінде екінші орынға ие болды.
Іріктеу жарыстарының екінші кезеңі 2024 жылғы 25 және 26 маусымда Қызылордада өтті, оған асық ату, армрестлинг, киберспорт және тоғызқұмалақтан біздің спортшылар қатысты. Осы кезеңде ПМХЗ-дан бірінші орынды былтырғы жылғы киберпорттан даусыз Чемпиондар, әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан қатысушы және ерлер арасында екі санаттағы армрестлерлер алды: 80 келіге дейін және одан жоғары.
Әйелдер армрестлингінің нәтижелері 65 келіден жоғары санатта алтын және 65 келіге дейінгі қатысушылар арасында күміс болды. Асық атудан біздің спортшылар тағы бір күміс алды.
Үшінші кезең 2024 жылдың 5-7 шілдеде Шымкентте әйелдер арасындағы волейбол, шахмат, арқан тарту және баскетболдан өтеді. Осыдан кейін ҚМГ ұйымдарының құрамалары Павлодарда спартакиаданың финалдық жарыстарына жиналады.
Біздің спортшыларымызға Шымкентте өтетін жарыстарда сәттілік, жарқын ойындар мен жеңістер тілейміз!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко