Семинар «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-де 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Бұл кездесуді «ПМХЗ» ЖШС комплаенс офицері ұйымдастырды. Спикер ретінде комплаенс бойынша жетекші маман Әсет Мунтынов сөз сөйледі. Семинар кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы маңызды тақырып бойынша зауыт жұмыскерлерінің хабардар болуын жақсарту үшін ойластырылды.
Спикер зауыттағы барлық процестердің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесіндегі, ұлттық заңнамадағы және корпоративтік құжаттардағы мүдделер қақтығысы мәселесін түсіндіре отырып презентация ұсынды.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға ұсынылған материалдың қаншалықты игерілгенін түсіну үшін жедел онлайн-тестілеу түрінде квиз өту ұсынылды, содан кейін қателер бойынша жұмыс жүргізілді.
Жүргізілген жұмыс кәсіпорын жұмыскерлерінің маңызды тақырыпты түсінуін тереңдетуге, ПМХЗ-ның әрбір маманының, жалпы ұйымның беделін сақтау туралы ойлануға көмектесті.