Оқу-жаттығу барысында авариялық қызметтердің қызметкерлері сегіз қабатты ғимараттың алтыншы қабатында өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады, құрылымдық бөлімшелердің басшылары персоналды эвакуациялауды жедел ұйымдастыруды қамтамасыз етті. «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқару буындары ғимараттан өз бетінше шыға алмаған жұмыскерлердің бар-жоғын тексерді. Сонымен бірге эвакуацияланған персонал барлық қызметкерлердің далаға сәтті шыққанын тексеріп, растады.
Бұл оқу-жаттығуларға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отрядының 14 қызметкері қатысты, олар 3 бірлік өрт техникасымен келді. Сондай-ақ, ғимараттағы кәсіпорын жұмыскерлері мен «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметінің жедел жәрдем көлігі тартылды.
Іс-шара персоналдың өртке қарсы әрекет ету дағдыларын жақсартуға көмектесті, сонымен қатар авариялық қызметтерге төтенше жағдайлар кезінде кәсіби мінез-құлықты пысықтауға мүмкіндік берді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фотоны «ПМХЗ» ЖШС АҚ және ТЖ бөлімі ұсынды